Пребиотик Инулин Бакздрав – бұл адамның ішек микрофлорасының пайдалы өкілдерінің өсуін немесе биологиялық белсенділігін таңдаулы түрде ынталандыратын физиологиялық тұрғыдан белсенді тағамдық қоспа.
Қасиеттері:
-
Күрделі көмірсу ретінде инулин тоқтық сезімін күшейтіп, ұзақ уақытқа дейін сақтап тұрады. Бұл тәбетті бақылауға көмектеседі, артық тамақтанудың алдын алады және артық салмақтың жиналуына жол бермейді;
-
Ішектің пайдалы микрофлорасы үшін қоректік орта болып табылады;
-
Ішек перистальтикасын ынталандырады, дәрет шығару процесін қалыпқа келтіреді;
-
Асқазан-ішек жолының (АІЖ) қызметін қалыпқа келтіре отырып, иммунитетті күшейтеді;
-
Витаминдер, минералдар және басқа да пайдалы заттардың сіңуін жақсартады;
-
Асқазан-ішек жолында сіңбейтіндіктен, калория көзі болып табылмайды және қандағы қант деңгейіне әсер етпейді;
-
Зат алмасу қарқындылығын арттырып, ағзаның төзімділігін күшейтеді;
-
Пробиотиктердің әсерін бірнеше есе арттырады.
Қолдану ұсыныстары:
-
Ағзаның қалыпты микрофлорасының бұзылуын түзету және алдын алу үшін;
-
Гормоналды және стероидты препараттарды қабылдау кезінде;
-
Микрофлораны қалпына келтіру тиімділігін арттыру мақсатында пробиотиктермен бірге;
-
Қант диабетінің алдын алу және кешенді емдеу кезінде;
-
Детокс және диеталық бағдарламаларда, талшықтар мен пайдалы заттардың жеткіліксіздігі кезінде;
-
Ішек перистальтикасын реттеу мақсатында;
-
Кандидоз, аллергиялық реакциялар, семіздік кезіндегі кешенді ем құрамында;
-
Зат алмасуды қалыпқа келтіру және витаминдер мен минералдардың сіңуін жақсарту үшін;
-
Микрофлора тепе-теңдігінің бұзылуының алдын алу, көмірсу және холестерин алмасуын реттеу, мәжбүрлі диеталарды қолдау кезінде.
Қолдану тәсілі:
3 г (1 стик) өнімді шамамен 200 мл суға араластырып, тамақпен бірге немесе тамақтан кейін қабылдау керек. Сондай-ақ шай, кофе, йогурт, десерттер және т.б. тағамдарға тәттілендіргіш ретінде қосуға болады. Ұсынылатын доза – күніне 1 стик.
Қарсы көрсетілімдері:
Инулинге жеке көтере алмаушылық.
Қолдану ерекшеліктері:
Ұсынылған тәуліктік дозадан артық мөлшерде қабылдау кезінде (басқа да тағамдық талшықтар сияқты), асқазан-ішек тарапынан жайсыздық пайда болуы мүмкін (кебу, газ жиналу, ас қорыту бұзылыстары және т.б.). Бұл белгілер уақытша болып табылады және доза қалыпқа келтірілгенде немесе өнім қабылдауы тоқтатылғанда өздігінен жойылады.
Сақтау шарттары:
Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, +25°С-тан аспайтын температурада сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі: 24 ай
Өндіруші: Ресей, "БакЗдрав" ЖШҚ
- Бағасы: 650 ₸




